Шаңғы жарысынан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

Шаңғы жарысынан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды
Сурет: Inbusiness.kz

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы әлем кубогінің финалдық кезеңін өткізбейтін болды

Жоспар бойынша, финалдық кезең 18-20 наурыз аралығында Түменде (Ресей) өтуі тиіс еді. Алайда, әлемдік жағдайға байланысты финал басқа жерге ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, халықаралық ұйым финалды қабылдайтын жаңа орын таба алған жоқ. Осылайша әлем кубогінің соңғы кезеңі 11-13 наурыз күндері Швецияда өтеді. 

5-6 наурызда Ослода әйелдер және ерлер арасындағы масс-старт жоспарланған.