Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі
Cурет: Әкімдік

Кездесу сағат 15.00-де өтеді

17 маусым сағат 15:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу Жамақаев көшесі 145 мекенжайында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді.
Бұл - қала әкімінің тұрғындарымен алтыншы кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.

Кіру еркін. Арнайы аккредитация қажет емес.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube-тағы парақшасында және Медеу әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында көруге болады:
1) https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2) https://www.facebook.com/%D0%9C%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D1%83-%D3%98%D0%BA%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96-107842741959736/