Қазақстанда елді мекендерге азық-түлікті үзіліссіз жеткізу қамтамасыз етілген

Қазақстанда елді мекендерге азық-түлікті үзіліссіз жеткізу қамтамасыз етілген inform.kz

Билік өкілдері елімізде сауда нысандарын күрделі кезеңде бағаны қолдан өсірмеуге шақырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.



«Негізгі азық-түліктер қоры елімізде жеткілікті. Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі өңірлердің әкімдіктері мен сауда объектілерімен бірлесіп, азық-түлік тауарларын елді мекендерге үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Бірқатар елді мекендерде бұзақылық әрекеттерден зардап шеккен кейбір сауда нысандарының жұмысы тоқтап тұр. Сондай-ақ контртеррористік операция белсенді жүріп жатқан орындарда жеке сауда объектілері әлі де жабық. Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек пен жанар-жағар май бағасын алып-сатарлық арқылы қолдан өсіріп, ажиотаж тудырмауға шақырады. Агенттік азық-түлік бағасына күн сайын мониторинг жүргізеді», - делінген агенттіктің мәліметінде.



Аталған тауар бағасын қолдан өсіру фактілеріне тап болғандар жедел желінің мына нөмірлеріне хабар бере алады: Нұр-Сұлтанда (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңыраулар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін қабылданады), мобильді нөмірлер 8-705-231-24-23, 8-776-458-88-85, 8-708-883-02-62, 8-701-369-61-28 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22-00-ге дейін).


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21