Медеу ауданында 2 мың орындық жаңа мектеп салынады

Медеу ауданында 2 мың орындық жаңа мектеп салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ауданның өзекті мәселесі болып отыр.

Биыл тамыз айында №48 мектептің 250 орындық қосымша құрылысы жөнделді, № 131 мектепті сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ 7 жобаны, яғни қосымша құрылыстар салуға 4 жобалау-сметалық құжаттама және сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеуге 3 жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Тамыз айында №35 (300) және №99 (250) мектептердің қосымша құрылыстары бойынша 2 жобалау-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 2-ші тоқсанында басталады.

Желтоқсан айында №131 (300) және №168 (300) мектептердің бастауыш сыныптарға арналған қосымша құрылыстары бойынша 2 жобалау-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысын аламыз.

№33, 161 және 17 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. №33 мектеп бойынша сараптама алынды (21.08.2023ж.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары
2024 жылдың 1-ші тоқсанында басталады. №161 және №17 мектептер бойынша мемлекеттік сараптаманы қаңтарда алуды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың 2-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ Бөгенбай батыр көшесі, 42 мекенжайы бойынша №29 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу процедуралары жүргізілуде (сатып алуды аяқтау мерзімі шамамен осы жылдың соңына дейін).

Анықтама үшін: 23.06.2023 жылы жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы №2/220-374 қаулы қабылданды, алып қоюға жататын 4 жер учаскесі бар (6 меншік иесі, жалпы ауданы - 0,4468 га, болжамды құны - 670 млн. тг.). Бүгінгі күні жер учаскесін бағалау процедуралары жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектеп салынады. Сондай-ақ жеке инвесторлардың қаражаты есебінен («MG City» ЖШС, «Saba Group» ЖШС) «Думан» шағын ауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесі, 140 (300 орын) мекенжайында 1500 орындық 2 мектеп салу жоспарланған. 3 жобаны іске асыру мерзімі – 2024 жыл.