200 мыңға жуық жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

200 мыңға жуық жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды
Сурет: Kapital.kz

Елімізде 12 жастан бастап балаларға екпе салдыру жүріп жатыр.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телерам каналы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 22 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының І компоненті егілгендер:

Жасөспірімдер – 198 256,

Жүкті әйелдер – 14 538,

Бала емізетін әйелдер – 35 765.

ІІ компоненті:

Жасөспірімдер – 59 288,

Жүкті әйелдер – 4 292,

Бала емізетін әйелдер – 10 718.