Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
сурет: Ult.kz

Эволюциялық жаңғыру тұжырымдамасы

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын басқарма басшыларымен, мәслихат депутаттарымен және кәсіпкерлермен пысықтап, алдағы жұмыстарды айқындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Президент тапсырмасы - күрделі геосаяси сын-қатерлер тоғысында дамудың жаңа кезеңіне бағыт беретін эволюциялық жаңғыру тұжырымдамасы, ал Үкімет пен әкімдіктер үшін, стратегиялық бағдар екені анық», – деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. 

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселесін талқылады. Жұмыссыз азаматтардың табысын арттыруды қарастыратын құралдардың бірі кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары пысықталды. Биыл Абай облысында 13 477 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде субсидияланатындар – 3 122, инфрақұрылымдық жоба – 4015, жеке кәсіпкерлік бағытыдағы жұмыс – 6340. Бірінші жартыжылдықта 5 425 жұмыс орны құрылды. Сондай- ақ Жарма ауданында «Цемент зауытын қалпына келтіру» жобасын іске асыру есебінен ғана 1085 жұмыс орны құрылады. 

«Алда экономиканың барлық салаларының бәсекеге қабілеті мен инновациялық құрамдасын арттыру жөнінде ауқымды жұмыс тұр. Бүкіл мемлекеттік органдардың, қаржы және қоғамдық институттардың іс-қимылын үйлестіру - жұмыс тиімділігінің кепілі. Сондықтан Президенттің тапсырмаларын іске асыруға әркім өз учаскесінде тікелей және белсенді қатысуы тиіс», - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.