6 сәуір күнгі ауа райы болжамы

6 сәуір күнгі ауа райы болжамы culture.ru

6 сәуір күні Қазақстан аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.


Елдің солтүстігінде, батысында, орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарда жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай болжанады.


Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.


Қостанай облысының оңтүстік-шығысында тұман болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады.


Ақмола облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман болжанады.


Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі.


Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында желдің күші 15-20 м/с артады.


Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман болады. Күндіз Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04