Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары қайта жанданды

Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары қайта жанданды
Сурет: Instagram/ ТЖД Павлодар облысы

Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары бүгін қайта жалғасты.

Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген. Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан соң, техника орнығатын аумақты ұлғайтып, қуаты күшті үлкен экскаваторлардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Опат болған екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды.