«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде
Сурет: Gov.kz

Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда.

ҚР ТЖМ мәліметінше, барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жұмыста геосканер қолданылуда. Оның көмегімен 7 қаңтарда 5 метр тереңдікте топырақ астынан автобустың ықтимал орналасу орны анықталды.

8 қаңтарда топырақты қайта сканерлеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысына түзету енгізілетін болады.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 бірлік техника жұмылдырылды.

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс жүргізуде.

Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, еңбек басқармасының, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымының басшылары мен мамандары кірді.

Объективті тергеуді ұйымдастыру және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін төрт сараптама ұйымының өкілдері тартылды.