Мәжіліске алты партия өтті

Мәжіліске алты партия өтті
Сурет: Еgemen.kz

ОСК сайлаудың соңғы қорытындысын шығарды.

Мәжілістің жаңа құрамына 7 саяси партияның алтауы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дауыс беру нәтижеcі мынадай:

«Ақ жол» партиясы 535 139 дауыс немесе 8,41% жинады. Мәжілісте партия 6 мандат алады

«Аманат» партиясы 3 431 510 дауыс немесе 53,9% жинады. Мәжілісте партия 40 мандат алады.

«Ауыл» партиясы 693 938 дауысқа ие болды, яғни 10,9%. Мәжілісте партия 8 мандат алады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 331 058 дауыс немесе 5,2% алды. Мәжілісте партия 4 мандат алады.

«Байтақ» партиясы 146 431 дауыс немесе 2,3% жинады. Партия мәжіліске өтпейді.

"Қазақстан Халық партиясы" 432 920 дауыс немесе 6,8% алды. Мәжілісте партия 5 мандат алады.

"Respubliсa" партиясы 547 154 халықтың дауысын немесе 8,59% жинады. Мәжілісте партия 6 мандат алады.

Барлығына қарсы 248 291 сайлаушы немесе 3,9% дауыс берді.