«Мәңгілік бала бейне»

«Мәңгілік бала бейне»
gov.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасы сахналанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылым Семей ядролық полигонындағы сынақтардың зардабын бастан кешіп аман қалған халықтың өмірі туралы баяндайды.

Спектакльде атомдық тәжірибенің объектісіне айналған Қарауыл ауылындағы өмірдің ащы шындығы, мүгедек қыз Ляйла және оның әлеуметтік ортасы бейнеленеді... Кейіпкер – ауылдың адамгершілік барометрі, нұрлы сәулесі. Бірақ қыз адам қолымен жасаған азапты жеңе ала ма?

Қойылым режиссері — Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Атабаев.

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сағат 18:30-да, Үлкен зал өтетін «Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасына барлық театрсүйер қауымды шақырады.