Лиз Трасс Британия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

Лиз Трасс Британия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді
Сурет: static.independent.co.uk

Ол Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын

Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына кандидат келгенге дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министрді сайлау келесі аптада өтеді. Британ оппозициясының жетекшісі, лейбористер партиясының төрағасы Кир Стармер елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін тағы да айтты», - деп жазады Еuronews басылымы.

Еске салайық, 47 жастағы Л.Трасс Тори партиясының қайраткері. Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын.

18 қазан күні ғана Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді, деп жазды.