Латын Америкасын «жаулаған» Димаш

Латын Америкасын «жаулаған» Димаш
Сурет: Almaty-akshamy.kz

"When I’ve Got You" атты жаңа әні алғаш рет шырқалды.

Димаштың әнін қойған "Andromeda" радиостанциясы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған. 28 ақпанда Латын Америкасының "Andromeda" радиостанциясының "Димаштың ғаламы" бағдарламасында қазақстандық өнерпаздың "When I’ve Got You" атты жаңа әні алғаш рет шырқалды.

Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінген.

Universo Dimash ("Димаштың ғаламы") бағдарламасы 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді.

Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. "Димаштың ғаламы" атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.

28 ақпан күнгі радиостанцияда қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің көптеген туындыларының шығу тарихы баяндалып, әндері шырқалды. Тыңдармандар "When I’ve Got You" жаңа әнінің тұсаукесерінен ләззат алып, сондай-ақ: Battle of Memories, Neverland, War and Peace, Our Love, Be Happy, The meaning of eternity, Restart my love, The Crown және т.б. қытай әндерін ерекше әсермен тыңдады.