Алдағы үш күнге арналған ауа райы мәліметі

Алдағы үш күнге арналған ауа райы мәліметі
Сурет: интернеттен

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болмақ?

"Қазгидромет" РМК мамандары 3-5 наурыз аралығында Қазақстанның үш қаласына қатысты ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Астана

3 наурыз: күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік қар жауады; түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -13-15 °C, күндіз: -7-9 °C.

4 наурыз: күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Соққан желдің екпіні - 7-12 м/с, кей тұста 15 м/с. Ауа температурасы түнде: -10-12 °C, күндіз: -5-7 °C.

5 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -8-10 °C, күндіз: -3-5 °C.

Алматы

3 наурыз: аспан бұлтты, таңертең қар жауады, тұман болады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -5-7 °C, күндіз: -1-3 °C.

4 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9 °C, күндіз: 0,+2 °C.

5 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9 °C, күндіз: -3-5 °C.

Шымкент

3 наурыз: аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, тұман болады. Желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -1-3 °C, күндіз: +1+3 °C.

4 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -3-5 °C, күндіз: +6+8 °C.

5 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -3-5 °C, күндіз: +6+ 8 °C.