Алматыдағы машина жасау зауыты сатылмайтын болды

Алматыдағы машина жасау зауыты сатылмайтын болды
Сурет: интернеттен

Сауда 12 наурызда басталуы керек еді.

Аукциондағы бастапқы баға 6,1 миллиард теңге болып белгіленген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді.

"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, биылғы 28 ақпанда "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Конкурстың өткізілмеуі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысы бойынша қабылданған шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты екені айтылды.