Қазақстандық паратаэквондошылар үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық паратаэквондошылар үш медаль жеңіп алды
Сурет: o

Бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Франция астанасында паратаэквондодан Гран-при сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар, Нұржан Есілбаевтың шәкірттері Парижде бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Нұрлан Домбаев екінші орын алды, Камила Досмолова мен Нышан Өмірәлі үздік үштікті тұйықтады.