Күзде қандай ауру түрлері өршиді?

Күзде қандай ауру түрлері өршиді?
almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігер күзде қандай аурудың өршитінін айтты

Күз - адам денсаулығының нашарлай түсетін мезгілі. Алматы №16 қалалық емхананың дәрігері Бақытжан Сембекова күзде кейбір аурумен ауыратын науқастардың саны артатынын атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Маманның айтуынша, күзде вирустық инфекциялар кезеңі басталады және ЖРВИ мен тұмау көктемге дейін жалғасады.

"ЖРВИ және тұмау - осы кезеңдегі ең көп тараған ауру. Күзде аллергия күшейеді, өйткені ауа құрғақ және салқын болады, сонымен қатар жапырақ түсетін кезең басталады, бұл аллергиялық реакцияның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Аллергияның белгілері бәріне белгілі, мұрынның бітелуі, жөтел, түшкіру, көз бен мұрынның қышуы", - дейді Бақытжан Сембекова.

Ауа-райының өзгеруі, маусымдық аллергендер және вирустық инфекциялар астмаға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, күзде ауа-райы мен атмосфералық қысымның өзгеруі артритпен ауыратын науқас санының артуына әкеледі. Күзде көптеген адам депрессиядан зардап шегеді. Бұл күн сәулесінің төмендеуіне және күн режимінің өзгеруіне байланысты. 
Күзде бұл аурулардың өршуіне жол бермеу үшін өз денсаулығыңызды бақылау, дұрыс тамақтану, иммунитетті нығайту және белсенді өмір салтын ұстану қажет. 

"Егер сізде қандай да бір белгілер пайда болса, кеңес алу және емдеу үшін дәрігерге көрініңіз", - деп түйіндеді ол.