Құтқарушылардың зейнет жасы төмендейді

Құтқарушылардың зейнет жасы төмендейді
Сурет: Astanatv.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр, - делінген  жауапта.

Айтуынша, осының арқасында құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқармақ.

«Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады», - деп жазады Премьер-Министр.