Құтқарушылар жұқа мұзда сақ болуға шақырады

Құтқарушылар жұқа мұзда сақ болуға шақырады
Сурет: Алматы ТЖД

Алматы су айдындарындағы мұз жұқа.

Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Вадим Пактың айтуынша, күннің жылып, еруіне байланысты ол босап, айналасы қауіпті  болуы  мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Желтоқсандағы қысқа мерзімді аязға қарамастан Алматы су айдындарындағы мұз жұқа.

"Біздің қызметкерлеріміз жұқа мұздың астына түскен адамдарды құтқаруда үлкен тәжірибеге ие. Осындай жағдайлардың бірі бұған дейін Әуежай көлінде болған. Адамдар жолды қысқартпақ болып, көлден өтуге тырысып, жұқа  мұз  үстімен жүрген. Ол жарыла бастаған, абырой болғанда,  біздің қызметкерлер жақын жерде болып,    қайғылы жағдайдың алдын алды. Көптеген адамдар жасалған  ескертуді елемейді, мұз үстімен жүігіріп өте шыққысы келеді", - деді Вадим Пак.

Құтқарушылар балықшылар мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Балаларға ерекше назар аудару керек. Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін болдырмау үшін ата-аналар олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұзда және су объектілерінің жанында ойнаудан сақтануы керек.

Сондай-ақ, құтқарушы пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану туралы еске салды, оларды үй-жайлардың ішінде тұтатуға және балкондардан іске қоспауға қатаң тыйым салынады.

Отшашуды жағу алаңы тегіс болуы керек, оның үстінде ағаштар, электр желілері және басқа кедергілер болмауы керек. Жоғары сапалы өнімдерді пайдалану қажет.