Олимпиада чемпионы 8 жылға спорттан шеттетілді

Олимпиада чемпионы 8 жылға спорттан шеттетілді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін 8 жылға дисквалификация алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

30 жастағы қазақстандық әйел 2022 жылы қанынан табылған анаболикалық стероид метандиенонды қолданғаны үшін қызметінен шеттетілді.

"Ол допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылы оның денесінен анаболикалық стероидты метандиенонның іздері табылды".

Бұған дейін қазақстандық спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада алған алтын медалінен айырылған болатын.

Айта кетейік, 30 жастағы спортшы бұл шешімге шағымдана алады", - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.