Күн күркіреп, найзағай ойнайды

Күн күркіреп, найзағай ойнайды
kaz.nur.kz

«Қазгидромет» бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 12 сәуір күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы облысының түнде батысында және оңтүстігінде, күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және шығысында екпіні 18-23 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 12 сәуірде 23 м/с артады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде өңірдің орталығында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай болжанады. Шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артатыны күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады. Кей уақытта екпіні 25 м/с күшейеді.

Күндіз 12 сәуірде, түнде 13, 14 сәуірде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12 сәуірде желдің екпіні 25 м/с артады.