ҚР экономикасына ЕО елдері 6 айда $5,2 млрд инвестиция салды

ҚР экономикасына ЕО елдері 6 айда $5,2 млрд инвестиция салды
Сурет: KZgovernment

Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі.

Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі $175 млрд-тан асты.

6 айда ЕО елдері ҚР экономикасына $5,2 млрд инвестиция салды.

«Қазақстанның сыртқы саудасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айналымы $34 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі»,-деді Әлихан Смайылов.

Бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

«Біз сапалы және ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Ол үшін ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестицияларды қолдаудың нормативтік-құқықтық базасы мен құралдары тұрақты негізде жетілдіріліп отырады»,-деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Премьер-Министрдің айтуынша, ҚР Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты кезең-кезеңмен жалғастырады.