Елімізде әуе рейстері кешігуі мүмкін

Елімізде әуе рейстері кешігуі мүмкін
Сурет: интернеттен

Жолаушылар SMS-хабарламаларды мұқият бақылау керек.

Қазақстандық әуекомпаниялар ауа райының қолайсыздығынан рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы мүмкін екенін ескертіп, жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Құрметті жолаушылар, Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін. Әуе компаниясының веб-сайтында немесе SMS арқылы рейсіңіздің күйін тексеріңіз. Ұшу кешігулері кезек күтуге байланысты болуы мүмкін. Шыдамдылығыңыз үшін алғыс айтамыз және осындай жағдайларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", - деп жазды SCAT.

SCAT тұтынушыларының қандай да бір сұрағы болса, тұтынушыларға қолдау көрсету орталығының тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, "Эйр Астана" ел бойынша ауа райының қолайсыздығы туралы хабарлады, бұл рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін.

"Әуе компаниясының веб-сайтында рейстің күйін тексеріңіз. Рейстердің кешігуіне қатысты сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді", - деп атап өтті компания.