Қостанайда газ жарылды

Қостанайда газ жарылды
Сурет: Қостанай ТЖД

7 адам үйінді астында қалған.

Бүгін сағат 12:36-да Амангелді тұрғын алабында газ жарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аумақта газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жеті адам үйінді астында қалған.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Жарылыс болған жерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп, жедел штаб құрылды. Адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.