Мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында Ә. Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада өтті

Мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында Ә. Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жөне қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылы бастау алған Алматы қаласы Білім басқармасы №178 мамандандырылған лицейде «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, математика пәні мұғалімі Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Шара математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, стандартты емес ойлауды дамыту, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Бұл іс-шара жас математиктерге өз қабілеттерін көрсетуге және математика саласында лайықты танылуға тамаша мүмкіндік берді.

Олимпиадаға мамандандырылған білім беру мекемелерінің 10-11 сыныптарынан 43 оқушы қатысып, бақтарын сынап көрді.

Сонымен білім додасында біліктілігін көрсеткен №165 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы Левин Эдуард, № 126 мамандандырылған лицей 10 сынып оқушысы Шарханов Жан І дәрежелі дипломмен марапатталып, 70 000 теңге ақшалай сертификаты табысталды. Ал мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сайлау Ерасыл, 10 сынып оқушысы Темірлан Боранбай, 10 сынып оқушысы Еркен Алимжан, №165 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы Белый Павел екінші орын тұғырынан көрініп, 40 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды.

Үшінші орынға ие болған    №90 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы Купельдиев Алибек, С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы Орынбасар Ақжол, №165 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы Ахметов Жангир, №12 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы Сарсекеев Амиржан,  №90 мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Саламат Әбдірахман,     №54 мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Шин Тимур 20 000 теңге ақшалай сертификат табысталды.

      №178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып оқушыларына Ә.Қ.Өтеш атындағы ІІ математикалық олимпиада конкурстан тыс ұйымдастырылды. Олимпиадаға қатысқан 12 оқушының ішінен 11 сынып оқушысы Кайса Нуридин,    10 сынып оқушысы Салемова Іңкәрдің бағы жанып бірінші орынды иемденіп, 70 000 теңгелік сертификаттың иесі атанды. Ал 11 сынып оқушысы Калмурзаев Нурдаулет пен 10 сынып оқушысы Орынбай Сабинаға ІІ дәрежелі дипломмен қатар 40 000 теңге ақшалай сертификат табысталды. Сонымен қатар, 11 сынып оқушысы Ташкенбай Ернар мен 10 сынып оқушысы Бимағанбет Гауһар да өздерінің осал емес екендіктерін дәлелдеді. Дегенмен оларға ІІІ дәрежелі диплом және 20 000 теңге ақшалай сертификат бұйырды.