Шымкентте жас жігіт ойынхананы тонап кетті

Шымкентте жас жігіт ойынхананы тонап кетті
Сурет: интернеттен

Ол құмар ойыннан ұтылып қалған.

Шымкентте ойын клубынан төрт миллион теңге ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұған дейін 3 миллион 800 мың теңгесін ұтқызып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.

"Мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан қаскүнем сейфтегі 4 миллион теңгені алып, ізін суытқан. Жәбірленуші болған жайтты дереу полицияға хабарлаған", делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында "ізін суытпай" ұстады.

Ведомство өкілдері 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалғанын, қазір ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.