100 миллион теңге аударды

100 миллион теңге аударды
Сурет: ашық дереккөз

Kusto Group компаниясының басшылығы QAZAQ TILI Endowment Qory-на100 миллион теңге жарна аударғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің, атап айтқанда, «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Біртұтас ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін басты фактор ретінде қазақ тілінің дамуына лайықты үлес қосу біз, ел азаматтары үшін үлкен мәртебе. Біз бизнес қауымдастықты осы асыл бастаманы қолдауға шақырамыз», – деді Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев бастаған топ.

Айту керек, Kusto Group Pte. Ltd. (www.kustogroup.com) –  Сингапурда тіркелген инвестициялық-өнеркәсіптік холдинг. Бүгінде компания 4 құрлықтағы 9 елде мұнай-газ, тау-кен, құрылыс, даму саласында, құрылыс материалдарын өндіруде және ауыл шаруашылығында табысты жұмыс істейді.