Коронавирустан 1039 адам емделіп жатыр

Коронавирустан 1039 адам емделіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

5 адамның жағдайы ауыр

12 қазандағы мәлімет бойынша, 1 039 адам коронавирус инфекциясынан (–902 + және 137 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 106 пациент стационарда, 933 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10,838,343 адам, II компонентін 10,598,000 адам салдырды. 5,566,774 адам ревакцинацияланды.