Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды
Cурет: Inform.kz

39 адам емделіп шықты

Қазақстанда коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 13 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

11 желтоқсандағы бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 оқиғасы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 39 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 11 желтоқсанға дейін коронавирус пневмониясына барлығы 83 435 адам шалдықты. 5185 науқас қайтыс болды, 75476 адам жазылып шық ты.

Сондай-ақ 11 желтоқсандағы соңғы мәліметке сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирустан 12 адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 12 желтоқсанға дейін коронавирус індеті барлығы 979 975 адамнан анықталды. Жазылып шыққандары - 948 757 адам, ал 12 864 науқас көз жұмды.