Алматы қаласы "Үздік спорттық аймақ" деп танылды

Алматы қаласы "Үздік спорттық аймақ" деп танылды
Cурет: Olympic.kz

2021 жылдың соңында бірнеше спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады

Елордадағы «Экспо» Конгресс-Орталығында «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық Спорттық жүлдесін табыстау рәсімі өтті.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Еліміздің ең үздік спорттық аймағы» да анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл аталым бойынша Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы үздік деп танылды.

Айта кетелік, қалада 3611 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Соңғы жылда 212 арена қолданысқа берілген.

Сондай-ақ, 2021 жылдың соңында бірнеше спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады.

Қазіргі таңда Алматы қаласының 1033 спортшысы Қазақстан ұлттық құрама командаларының қатарына еніп, Азия, әлем чемпионаттары мен өзге де республикалық және халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр.