Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді
Сурет: Kapital.kz

Бір доллар 3,78 теңгеге арзандады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметтер бойынша, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңге болды. 

Айта кетейік, доллардың 15-17 қазандағы ресми бағамы - 476,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,94 теңге, сату – 478,63 теңге.