Қор нарығында доллар бағамы өзгерді

Қор нарығында доллар бағамы өзгерді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.

Сауда-саттық мәліметіне сай, доллар бағамы 20 қазан кешімен салыстырғанда 0,29 теңгеге құлдырап, 1 доллар 478,77 теңге болды.

Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 479,06 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 478,3 теңге, сатып алу — 480,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 476 теңгеден болса, сатып алу — 481 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 4,89 — 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,9 — 5,05 теңгеден сатылуда.