Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: Azh.kz

2,62 теңгеге төмендеп, 470,13 теңге болды.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметі бойынша, күндізгі сауда қорытындысы нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,62 теңгеге төмендеп, 470,13 теңге болды.

АҚШ долларының 19 қазандағы ресми бағамы - 472,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 472 теңге, сату – 475,5 теңге.