Қоңқабаевты жеңген өзбек боксшысы мерзімінен бұрын финалға шықты

Қоңқабаевты жеңген өзбек боксшысы мерзімінен бұрын финалға шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Қарсыласы кездесуге шығудан бас тартты

Өзбек боксшысы Баходир Жалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz El.kz-ке сілтеме жасап.

92 келіде өнер көрсететін Жалолов кешкі сессияда өтетін жартылай финалда Испания өкілі Айюб Эль-Ассауимен жұдырық түйістіруі керек болатын, алайда шаршы алаң иесі айқассыз-ақ финалға өтті. Себебі қарсыласы кездесуге шығудан бас тартқан.

Бұл салмақта екінші жартылай финалдық жекпе-жек Алехандро Лопес (Куба) пен Махаммад Абдуллаев (Әзірбайжан) арасында өтеді.

Ширек финалда Баходир Жалолов қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген болатын.