Қызылшаға байланысты мектептер карантинге жабыла ма?

Қызылшаға байланысты мектептер карантинге жабыла ма?
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінде республика бойынша 13 мыңнан астам қызылша жұқтыру дерегі тіркелді. 

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева айтты. Ол еліміздің қай өңірлерінде қызылша өршіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«100 мың адамға шаққандағы жұқтыру көрсеткіші – 66,9%. Көрсеткіштерді салыстырып қарасақ, Шымкентте – 2283 жағдай, Алматыда – 2217 жағдай, Жамбыл облысында – 1605 жағдай. Ақтөбе облысында – 1 мыңнан астам жағдай. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1690 жағдай тіркелген. Яғни, бұл мекемелерде қызылшамен ауыру көрсеткіші – 13%», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда.

Оның сөзінше, елдегі 1444 мектепте қызылша жұқтыру фактісі тіркелген. Салдарынан 4836 адам ауырған.

«Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру», - деді Нұршай Әзімбаева.