Қытырлақ картоп пен ысталған шұжық - ең зиянды ас!

Қытырлақ картоп пен ысталған шұжық  - ең зиянды ас!
Сурет: Global Look Press

Бұл туралы хирург, онкоуролог Марк Гадзиян өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маманның сөзінше, ең зиянды ас - бұл қытырлақ картоп (чипстер) пен ысталған картоп. Себебі, олардың құрамында канцерогендер көп.

Сонымен бірге, сарапшы қант пен тұздың да зияны олардан кем емес екенін атап өтті. Бірақ оларсыз тағы да өмірді елестету мүмкін емес. Дегенмен, қант пен тұзды тұтынғанда олардың мөлшеріне мән беру керек. 

Сонымен қатар, Гадзианның айтуынша, күніне бір литрден аз сұйықтық ішу зиянды, өйткені несеп-тас ауруы мен қанның қоюлану қаупі едәуір артады.

Дәрігер күшті алкогольдің ағзаға зияны туралы айтып, оның ми нейрондары үшін өте қауіпті екенін ескертті.