Қытай дәрілері қауіпті ме?

Қытай дәрілері қауіпті ме?
Сурет: ашық дереккөз
Шымкентте Қытайдың дәрілік өнімдерін тұтынған 54 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Оған аллергиялық шок диагнозы қойылған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

27 қарашада 54 жастағы әйел №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Әйелдің бүкіл денесінде іріңді бөртпелер пайда болған. Дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, жүрегі айныған.

"Науқас Қытайдың түрлі дәрілерін ішіп, жақпа майларын қолданған. Ол заттарды тұтынғанына төрт күн болғанда аллергия белгілері байқалған. Ауруханаға жатқызу кезінде әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланды. Дене терісінің 90% зақымданған. Бет пен денесі ісіп кеткен", - дейді дәрігер. 

Науқас екі апта бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Оның қанына гемофильтрация жасалып, тазартылған. Нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып, терісі толығымен қалпына келген.