"А" гепатитін жұқтырғандар саны 7 есе өскен

"А" гепатитін жұқтырғандар саны 7 есе өскен
Сурет: ашық дереккөз

Қыркүйек-желтоқсан айларында Жетісу облысында вирустық "А" гепатитін жұқтырғандар саны 7 есе өскен.

Егер өткен жылы індеттің ілмегіне ілінгендер небәрі 4 адам болса, биыл 29-ға жетіп отыр. Оның 27-сінің диагнозы зертханалық сынамалармен расталған.

Олардың арасында 14 жасқа дейінгі бала саны – 6-ау. Науқастардың 28 пайызында гепатит адамнан адамға жұқса, 72 пайызында маусымдық сырқат деп белгіленген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Қазір олармен қарым-қатынаста болған азаматтар медициналық бақылауға алынып, иммундау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр.

"Бұл жұқпа вакцинасы бар. Бұл вакцинаны енгізілгелі бері, мысалға біздің облыста 2011 жылдың қараша айынан бастап енгізілген. Сол жылдардағы сырқаттанушылықпен салыстырсақ, қазіргі сырқаттанушылық 7 есе төмендеді."Индира Күнбасова, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары