Қираған үй, қарулы күзет...

Қираған үй, қарулы күзет...
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

РЖҚЖ құтқарушылары Ауғанстандағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қалай көмектесті?

Қазақстандық құтқарушылар қазан айының басында жойқын жер сілкінісі болған Ауғанстанның Герат провинциясындағы гуманитарлық миссиясын аяқтап, елге оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Біздің еліміз Ауғанстан тұрғындарына көмектесу үшін құтқарушыларын жіберген алғашқылардың бірі болды. Бүгінгі күн батырлары іссапар барысы туралы кеңірек айтып берді. Айта кетейік, бұл - республикалық жедел-құтқару жасағының өкілдерінің екінші рет осындай жағдайда көмекке баруы. Түркияда болған жер сілкінісі кезінде де біздің құтқарушылар бірден оқиға орнына аттанған болатын.

Ауғанстандағы құтқару операциясының қалай өткенін құтқарушылар Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтып берді

ТЖМ деректері бойынша, Алматыдан миссияға барлығы 45 адам барған, олардың қатарында құтқарушылар, РЖҚЖ кинология мамандары, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері аттанды. Бұл іссапарда құтқарушыларымен бірге үйінділер арасында үш қызметтік ит жұмыс істеді.

«10 қазанда біз Герат провинциясына жеттік. Біз өзімізбен бірге толық жабдықталған Камаз, газель және УАЗ алдық. Халықаралық стандарттарға сай, біз автономды режимде өмір сүре алатындай құрғақ ас, су қоры мен  шатыр алдық.  Әуежайға келгеннен кейін бізді жергілікті билік қарсы алып,  бізді Наиброфи елді мекеніне бөлді. Бұл күрделі учаскелердің бірі болды, өйткені онда 700-ден астам үй болған және олардың барлығы қираған. Ол жерде шатырлар тігіліп, медициналық пункт орнатылды», - деді ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша РЖҚЖ басшысы, халықаралық деңгейдегі құтқарушы Владимир Цой. 

Қазақстандық құтқарушылар көзбен көргендерін сипаттай отырып, Владимир Цой бұл кісілерді таң қалдырған жайттарға да тоқталды. Оның айтуынша, бір қарағанда құм арасынан табылмай қалатындай көрінетін сабан үйлер керісінше жүздеген адамның панасына айналған. Құтқарушыларға бұл орындарда арнайы техниканың қолданудың қажеті де бомаған, себебі ол бетон құрылыстарға арналған. Сондықтан жасақ апаттан опат болғандардың денелерін қолмен шығарып, аман қалғандарын іздеді.

«Біз мұндайды бірінші рет көрдік, сау қалған бірде-бір үй болмады. Біз өзімізбен бірге алып келген гидравликалық және пневматикалық апаттық-құтқару құралдарының бізге пайдасы тимеді. Күрекпен, қайла жұмыс істедік, бәрі қолмен тырмаланды», - деп жалғастырды В.Цой.

11 қазанда құтқарушылар 6,3 баллдық афтершокты сезген. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, құтқарушылар орналасқан орындарынан 10 шақырым жердегі  Вояки мен Сияхабта қыстауларында құтқару жұмыстарын жалғастырды.  Бұл жерде де елді-мекеннің бәрі қиранды астында қалған,  тек зардап шеккендер болмаған, өйткені алғашқы жер сілкінісінен кейін жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, көшеге шатырларға көшкен. Онда қазақстандық құтқарушылар зардап шеккен 10 адамға көмек көрсетті, олардың арасында әйелдер мен балалар да болды. Ал келесі күні таңертең олар бастапқыда келген орнына оралып, ол жерде 5 жасар баланы үйінділердің астынан шығарып алған. 

Іздеу жұмыстарын құбылмалы ауа-райы да  қиындатты, күндіз ыстық, кешке суық, тіпті өлекселердің иісінің өзі кері әсер етті, себебі көптеген мал қырылған болатын.  Иттерге тек мәйіттерді іздеп қана қойған жоқ, олар тірі адамдарды да іздеуге үйретілген, бірақ төрт аяқтылар өздеріне артылған міндетерін ойдағыдай атқарды, тыныс алмай жатқандарды да тапты. Олар мұны Түркияда іссапарда жүргенде үйренді.

Сонымен қатар, біздің құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу үшін тағы 9 елді мекенді аралады. Ауған тұрғындарының шатырларын құлатып кететін шаңды дауыл да  жұмысты қиындатты. 

Құтқарушылардың өздері де өздерімен бірге алып барған шатырларда тұрды. Владимир Цойдың айтуынша, олар шетелдік іссапарларға барғанда, олар сол елге ешқашан ауыртпалық салмайды, барлығын өздерімен бірге алып жүреді, керісінше, тіпті зардап шеккен провинциялардың тұрғындарымен суларын бөліскен. Ауғанстандағы жағдай тұрақсыз болғандықтан, қазақстандық құтқарушыларды пикаптарда қаруланған күзетпен жүрді. Бірақ жергілікті тұрғындар  жылы шырай танытып, Қазақстаннан келген құтқарушыларға жақсы қараған.

Айта кетейік, Ауғанстанда Ираннан, Түркиядан, Түркіменстаннан құтқарушылар да жұмыс істеген.  

ҚР ТЖМ деректері бойынша Ауғанстанда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан құтқарушыларының күшімен 83 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, үйлердің 211 фрагменті бөлшектелді, Наиброфи елді мекеніндегі қираған үйлердің барлық 700 учаскесі тексерілді.