Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан мен Нигерия азаматтары анықталды.

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тексеру жүргізді, деп хбарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Медеу ауданында шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылған құрылыс нысаны анықталды. Атап айтқанда, онда Өзбекстанның 13 азаматы және Нигерияның 2 азаматы жұмыс істеген. Олар өздерінің еңбек қызметін заңсыз жүргізген және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Аталған шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар тергеу барысында Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, 27 жастағы К.есімді азамат таксиде жұмыс істеген: ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс алып, жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол өзі жалға алған көлікте түнеп жүрген», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сот оны Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.