Алдағы күндері суытады

Алдағы күндері суытады
Сурет: Cамат Құсайынов

Синоптиктер 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Демалыс күндері елімізде ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Солтүстік Атлантика және Скандинавия  антициклондарының әсерінен Республика бойынша жауын-шашын жауып, күн күрт суытады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде температура 0-5°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз  +2+12°С-қа дейін жылынады.

«Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында жылы ауа райы сақталады», дейді синоптиктер.