Хоккейден Қазақстан мен Дания жолдастық кездесуінде жерлестеріміз айқын жеңіске жетті

Хоккейден Қазақстан мен Дания  жолдастық кездесуінде жерлестеріміз айқын жеңіске жетті
Сурет: Olympic.kz

Қазақстанның жастар командасы бірінші дивизионның А тобында өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында Дания командасымен жолдастық матч өткізді.

Александр Истоминнің шәкірттері 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Біздің команданың барлық бес голында "Барыстың" шабуылшысы Динмухамед Кайыржан нәтижелі іс-қимылдарымен ерекшеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол өзінің активіне тасталған шайба мен төрт нәтижелі пас жазды. Сондай-ақ, "Барыс" жүйесінің өкілдері Кирилл Никитин, Клементий Царев, Всеволод Логвин және Даниил Цыбин голдардың авторлары болды.