Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрме ашылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Семейдегі Абай музейінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды.

Онда қайраткердің қолының табы қалған заттары мен қолжазбалары, шығармаларының түпнұсқалары қойылды. Экспонаттың ішіндегі ең құндысы Ахмет Байтұрсынұлының 1911-14 жылдары жарық көрген кітаптары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Көрмені Алаш зиялысының туған топырағында орналасқан «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» ұйымдастырған. Ұлтының бағын жандыру үшін, барын салған Алаш зиялысының мұрасы мен еңбектерін насихаттайтын экспозиция осыған дейін еліміздің қалаларында, сондай-ақ шет елдерде таныстырылған.
«Торғай елінің тумасы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Торғай өлкесі емес қазақ елі, түркі әлемі, биылғы жылы ЮНЕСКО тойлап отырғаны. Сондықтан 35 заттай құжаттар мен жәдігерлерін әкеліп отырмыз», - деді Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Сәрсекей.