«Халық қатысатын бюджет»: Наурызбай ауданында тұрғындар ұсынған 46 жоба жүзеге асырылды

«Халық қатысатын бюджет»: Наурызбай ауданында тұрғындар ұсынған 46 жоба жүзеге асырылды
Сурет: ашық дереккөз

Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ӨКҚ брифингінде ауданда аумақтарды абаттандыру жобалары қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Мәселен, аудан тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» аясында 46 жобаны ұсынып, іске асырды. Бұл - қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру жобалары, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Сондай-ақ Қалқаман шағын ауданында сквер ашу жоспарлануда.

«Бағдарламаның тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірлерін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылданды және 875 млн теңгеге қосымша 16 жоба орындалды», - деді Н. Тоғызбаева.

Жоба аясында үш жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізілді, төрт учаскеде автосуару жүйесінің желілері ұзартылды

«Келесі жылы біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. 2024 жылға 2,5 млрд теңге сомасына 40 жобаны іске асыру жоспарлануда», - деп қорытындылады ол.