«Халық әртісі» атағын алғандарға төленетін үстемеақы екі есе ұлғаяды

«Халық әртісі» атағын алғандарға төленетін үстемеақы екі есе ұлғаяды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Биылдан бастап «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта тағайындалатын болды. 

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Құрметті атаққа лайық деп танылған мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне ықпал етеді, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.