«Қазфосфат» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

«Қазфосфат» басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мамандар тергеу жұмыстары басталғанын айтты.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

«13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қорытындысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы бойынша аммофосты өткізу кезінде жоғары баға белгілеу арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 11 шілде күні сағат 20:00-де Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында ауаға түтінді газ тарады. Кейінірек компания қала тұрғындарына ешқандай қауіп төнбегенін хабарлады.