Алматыда бұқаралық жүгіру жарысы өтеді

Алматыда бұқаралық жүгіру жарысы өтеді
Сурет: El.kz

Соған байланысты Алматыда 17 шілдеде кей көшеде қозғалыс шектеледі.

Жарысқа қатысушылар 12 км, 8 км скандинавиялық жүріс қашықтығында, сонымен қатар 500 м, 1 және 3 км балалар қашықтығында жарысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жүгіру жарысына байланысты Almaty arena мұз сарайына іргелес аумақтағы көшелердің бір бөлігі жабылады.

«Сағат 18.30-дан 22.00-ге дейін арена аумағының периметрі бойынша көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі. Рысқұлов даңғылының және Момышұлы көшесінің бойымен өту жолы ашық болады», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Қатысушылар мен жанкүйерлерді жазғы жарыстың спорттық әрі мерекелік атмосферасы күтеді. Сонымен қатар серіктестердің қызық шаралары өтетін жарнамалық аймақтар, балаларға арналған аниматорлар, тағамдар мен салқындатқыш сусындар ұсынылады.