Ғарышта Қазақстанның 6 жер серігі қалықтап жүр

Ғарышта Қазақстанның 6 жер серігі қалықтап жүр
Сурет: ашық дереккөз

Ғарышта Қазақстанның 6 жер серігі қалықтап жүр. Екеуі байланысқа жауап беретін «Kazsat». Екі аппарат жерді қашықтан зондтайды және «KazSTsat» деп аталатын екі спутник ғылыми деректер жинақтайды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Тура осылай ұлттық арнаның ақпаратын көріп отырып ойланып көрдіңіз бе? Мынадай теледидарыңыз сигналды қайдан алады? Мыңдаған шақырым жердегі орталықпен қайлай байланысады? Байланыстың барлық түрі, телеарналар, интернет, мемлекеттік тіпті әскери байланыс та Ақкөл қаласында орналасқан осы ғарыштық басқару орталығы арқылы реттеледі. Нақтырақ айтсақ, Қазсат-2 және Қазсат-3 жер серіктері өзімізді ақпараттық жүйемен толық қамтамасыз етіп отыр.

Сондықтан бұл екі жер серігін Қазақстанның құлағы деп атайды. Басқаруды, ақпарат алуды толық қазақстандық мамандар меңгерген Екеуі де шамамен 70 пайыздық жүктемеде жұмыс істеп жатыр. Яғни, біздің мамандар көрші елдерге спутниктік қызметтерді экспорттай алады.

- Тек қана Қазақстан емес сонымен қатар Қырғызстанның аумағын қамтимыз, 1-2 байланыс операторымен жұмыс істейміз. Сонымен қатар былтыр Тәжікстан Республикасының екі компаниясымен келісімшартқа отырдық. Қазіргі кезде бір компаниясымен толықтай жұмыс жасаудамыз, - дейді «Ақкөл» РҒБО жетекші инженері Дидар Зарқұмов.

Қазсат Қазақстанның құлағы болса, ҚазЕОсат - көздері. Себебі бұл жер серіктері жер бедерін алыстан зондттайды, яғни суретке түсіреді. Мына объектив арқылы түсірілген суреттер әр салада пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, тіпті әкімдіктер де осы фотосуреттерді пайдаланып жұмыстарын жүргізеді екен. Мәселен, мынау Шардара су қоймасының тасыған кезінде жасалған суреттер. Қай елді мекендерді су басқанын, тасқын қай бағытта жүргенін толық көруге болады. Қостанай облысында болған өрт кезінде де спутниктік суреттер өрт сөндіру жұмыстарын жеңілдеткен.Тіпті жер серіктері мемлекеттік органдардың жалған ақпарат таратпауы мен жемқорлықпен күреске де көмектесе алады.

- Қанша орман алқабы шабылды, қанша нақты ауыл шаруашылығы дақылдары егілді - соның барлығы инструменталда түрде өлшенген деректер болып табылады. Облыстардан келіп жатқан сараптамалық деректерге қосымша ақпарат болып табылады. Ғылыми зерттеу бағытында ұшырылған тағы екі спутнигіміз бар. Оның бірін қазақстандық "Ғалам" компаниясы құрастырған. Бүгінде жұмысын мүлтіксіз орындап жатыр, - дейді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ департамент директорының орынбасары Берік Рахымжанов.

Қазір ғылым мен технологияның дамыған заманында барлығы ғаламторға, яғни ғарышқа байланған. Ал, мемлекеттік деңгейдегі құпия ақпараттар өзгенің қолы арқылы осындай жер серіктерінің болуы Қазақстан үшін аса маңызды. Бұл ақпараттық қауіпсіздік үшін қажет дүние.