ҰЛТТАРДЫ ҰЙЫСТЫРЫП ОТЫР

ҰЛТТАРДЫ ҰЙЫСТЫРЫП ОТЫР
proza.ru

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басқосуында еліміздегі жүзден астам ұлт пен ұлыстың басын қосып отырған Ассамблеяның ролінің айрықша екенін атап көрсетті .

Мемлекеттің тұтастығын сақтап, халықтар достығының мызғымас бөлігіне айналып отырған ортақ шаңырақтың мақсаты да, мүддесі де - ауызбіршілік, ұлы достық екені белгілі. Мемлекет басшысы осы ретте, тіл мәселесіне ерекше мән беруге шақырды. Тілдің төңірегіндегі даудың соңы жақсылыққа апармайтынына тоқталды. "Кезінде БҰҰ - да қызмет етіп жүргенімде бұған әбден көз жеткіздім. Сондықтан, тіл мәселесіне сергек қараған жөн", - деді. Жалпы, ҚХА кеңес беруші, пікір алаңына айналдыру үшін барлығымыздың да күш салып, үн қосқанымыз жөн.