«ҚазАвтоЖолдың» қызметкерлері қамалды

«ҚазАвтоЖолдың» қызметкерлері қамалды
Сурет: Kapital.kz

Олар кәсіпкерден ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікке ілінді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге "НК "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.